
Химия кафедрасының докторантының ғылыми тағылымдамасы











Тағлымдама мақсаты: Capparis herbacea Willd өсімдігінің жер үсті және жер асты мүшелерінен эфир майларын және әртүрлі еріткіштермен экстрактылар алу, олардың биологиялық белсенділігін анықтау.
Ғылыми тағылымдамадан өтуде ғылыми жетекші ретінде Жаңа химиялық технологиялар ғылыми-зерттеу институт директоры, х.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) Искакова Жанар Бақтыбайқызы тағайындалды.
Докторант Тлеуберлина Орынбасар бекітілген жоспар бойынша Capparis herbacea Willd өсімдігі жер үсті және жер асты мүшелерінен эфир майларын және әртүрлі еріткіштермен экстракттар алды.
Тағлымдама уақытында алынған эфир майларының, сығындыларының цитотоксикалық белсенділігін, оксидантқа қарсы белсенділігін, радикалға қарсы белсенділігін зерттеді және эфир майларының компоненттік құрамын анықтады.
Осы ғылыми тағылымдамаға берілген уақытта жоспар бойынша барлық жұмыстары орындап, ойдағыдай аяқтады.
Докторанттың ғылыми тағлымдаманың негізгі нәтижелері бойынша жасаған есебі және презентациясы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 3-курс докторанты Тлеуберлина Орынбасарға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми тағлымдама өткені жөнінде арнайы сертификат берілді.
Осы мақсатта ғылыми зерттеу барысында жасалынып жатқан бірқатар зерттеулер еліміздің медицина, фармакология саласында өз пайдасын келтіреді деген ойдамыз.
Искакова Ж.Б., х.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент)
