
Өндіріс базасында зертханалық сабақ









2024 жылдың 21 ақпанда ҚР ҚМ МКК «Орталық кеден зертханасының» базасында 6В05306-"Органикалық заттар мен полимер химиясы" білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері "Физика-химиялық зерттеулер және материалтану" мамандандырылған зертханасында "Мұнай химиясы" пәні бойынша зертханалық зерттеулер жүргізді.
Сабақ "Тренинг-мақсат" және "Бірге дәріс" түрінде кәсіби дағдылар мен іскерлікті пысықтау мақсатында өткізілді.
Өндірістен дәріскер ретінде ҚР ҚМ МКК ЦТЛ Астана қаласындағы «Физика - химиялық зерттеулер және материалтану сараптамасы» бөлімінің бас маманы Г. Б. Қамысбаева танысу сабақ жүргізді.
Студенттер мұнай және тауарлық мұнай өнімдері үлгілерінің физикалық-химиялық қасиеттері мен көрсеткіштерін аппараттық анықтау ерекшеліктерімен танысты.
