
Химия пәнінен аймақтық олимпиаданың есебі - 2024

13.01.2024 ж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Химия» кафедрасында Астана қаласының мектептерінің бітіруші сыныптары арасында аймақтық пәндік олимпиада өтті. Химия пәні бойынша өтініш бергендердің жалпы саны 21 оқушы болды, 15 оқушы қатысты. Барлық қатысушылар Астана мектептерінен болды. Олимпиада химия кафедрасының № 3 корпусының 122 аудиториясында сағат 11.00-де басталып, сағат 13.00-ге дейін өтті. Барлық жұмыстарды пәндік комиссия мүшелері қарады.
Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша келесі оқушылар жүлделі орындарға ие болды:
|
Нурланова Енлик Нурлановна 1 орын оқушы: № 59 мектеп–лицей, Астана қ., химия пәні мұғалімі: Клышбаева Мария Хамитовна |
|
Алпыс Нұрдина Есимбекқызы 2 орын оқушы: № 60 мектеп-лицей Астана қ., химия пәні мұғалімі: Мунайтбасова Куляш Хамитовна |
|
Аманжолов Ерболат Гапурович 2 орын оқушы: № 82 Дарын Астана қ., химия пәні мұғалімі: Абдулла Жанар |
|
Бахытбек Санжар Ермекулы 3 орын оқушы: №30 мектеп-гимназия Астана қ., химия пәні мұғалімі: Байгонова Галина Кемербаевна |
|
Жүнүспек Арайлым Даниярқызы 3 орын оқушы: № 74 мектеп-гимназия Астана қ., химия пәні мұғалімі: Каримова Тоғжан Төлеубаевна |
|
Қарабек Наргиза Алибекқызы 3 орын оқушы: Ыбырай Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі Астана қ., химия пәні мұғалімі: Куценко Елена Николаевна |
